Accessibility links

Ауғанстан астанасындағы жалғыз 5 жұлдызды қонақ үйге шабуыл жасалды


КАБУЛ: Кеше Кабулдағы “Serena” қонақ үйіне жасалған қарулы шабуылдың салдарынан, соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 6 адам оққа ұшып, тағы 6 кісі жараланды. БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, олардың көздегені Норвегияның сыртқы істер министрі Йонас Гара Стере болса керек. Шабуыл кезінде қонақ үйде болған министрдің өзі аман қалды. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті хабарлағандай, қаза тапқандардың ішінде кем дегенде 1 АҚШ дипломаты мен норвегиялық журналист болды. Тәліптер қонақ үйге шабуыл жасаған 4 содырдың бірі оққа ұшса, тағы бірінің “шаһид белбеуін” жарып өлгенін хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG