Accessibility links

Буковский Ресей президентігіне кандидат болу үмітінен айрылды


Бұрынғы Совет Одағының диссиденті Владимир Буковский өзінің Ресей президентігіне кандидат болу туралы ақырғы үмітінен айрылды. Жоғарғы Сот оның президенттікке кандидаттығы қабылданбағанына байланысты шағымын қанағаттандырмады. Ресей соты Буковскийдің соңғы 10 жыл Ресейде тұрмағанына байланысты Орталық Сайлау Комиссиясының шешімін күшінде қалдырды. Буковский Совет Одағы кезінде еңбек лагерлері мен жындыханаларда біраз жылын өткізген соң, Британияда 1976 жылдан бері тұрып жатқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG