Accessibility links

Амнести интернэшнл Иранды тас ату жазасын тоқтатуға шақырды


Амнести Интернэшнл адам құқын қорғаушы ұйым Иранды адамдарға тас атып жазалауды тоқтатуға шақырып отыр. Өлім жазасы үкіміне қарсы ұйымның жаңа баяндамасында тас ату өте қорқынышты жаза делінген. Ұйымның деректеріне қарағанда, Иранда тас атуға мораторий 2002 жылы енгізілгеніне қарамастан, шілде айында зинақорлық жасады деген айыппен бір ер адамды тас атқылап өлтірген. Тағы онымен қатар айыпталып отырған бір әйелді тас лақтырып өлтіру жазасы күтіп тұр.
XS
SM
MD
LG