Accessibility links

Қабул қонақ үйіне жасалған шабуылға қатысты екі күдікті ұсталды


Ауғаныстанның барлау қызметі дүйсенбі күні Қабулда қонақ үйге жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады. Елдің Ішкі істер министрлігі Серена қонақ үйіне болған шабуылдан кемінде 7 адам қаза тапты, оның 3-і шетелдік деп отыр. Барлау қызметінің басшысы Амруллах Салехтің айтуынша, қонақ үйді төрт жауынгер басып алып, біреуі жанкештілік жарылыс жасаған. Шабуыл кезінде Норвегия сыртқы істер министрі мен Австралия елшілігінің қызметкерлері болған, бірақ олар аман қалды. Бұл шабуылға жауапкершілікті Талибандар алып отыр.
XS
SM
MD
LG