Accessibility links

АҚШ президенті Таяу Шығысқа сапарын Мысырда аяқтайды


ҚАЙЫР: АҚШ президенті Дж.Буш Таяу Шығыста жүрген сапарын бүгін Мысырға келуімен аяқтайды. Ол Қызыл теңіздің жағалауындағы Шарм-әш-Шайх курортында Мысыр президенті Х.Мүбәрәкпен келіссөз өткізеді. Өткен 2 түнде Сауд Арабиясында болған Дж.Буш Абдулла патшамен келіссөз жүргізіп, Иранды оқшау қалдыру, Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөзді ынталандыру және әлемдік мұнай бағасы проблемасын талқылады. Осыған дейін АҚШ президенті Бахрейн, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері мен Израильде және Йордан өзенінің Батыс жағалауында болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG