Accessibility links

Норвегияның сыртқы істер министрі Ауғанстанда өзіне қастандық жасалғанына сенбейді


ОСЛО: Норвегияның сыртқы істер министрі Йонас Гар Стере тәліптердің Кабулдағы қонақ үйге шабуыл жасағандағы басты көздегені өзі болды дегенге сенбейді. Қонақ үйдегі жарылыстар мен атыстан кем дегенде 8 адам, оның ішінде норвегиялық журналист мерт болып, министр аман қалды. Стеренің пікірінше, шабуыл жасауға қонақ үйдегі күзеттің жауапсыздығы себеп болған. Ослоға оралысымен Стере Норвегия Ауғанстанның алдындағы міндеттемелерін атқара береді деп мәлімдеді. Қазір Ауғанстанда Норвегияның 500 жауынгері қызмет атқарады.
XS
SM
MD
LG