Accessibility links

Р.Әлиев пен оның жақын сыбайластары сырттай қатаң жазаға тартылды


АЛМАТЫ: Қазақстан президентінің бұрынғы үлкен күйеу баласы, бұрынғы дипломат әрі бұрынғы генерал, кәсіпкер әрі бұрынғы дәрігер Рахат Әлиев 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді. “Нұрбанктің” бұрынғы менеджерлерін ұрлау ісін қараған Алматының Алмалы аудандық соты кеше осындай үкім шығарды. Сонымен қатар сот Р.Әлиевті қатаң тәртіпті түрмеге жабу, дүние-мүлкін тәркілеу, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан, дипломатиялық атағынан айыру туралы сырттай шешім қабылдады. Оның Аустрияда бас сауғалап жүрген тағы 4 сыбайласы мен сотқа тартылған бас-аяғы 24 адам да түрлі жазаға кесілді.
XS
SM
MD
LG