Accessibility links

Иран басшылығы ауған босқындарын елден шығаруды уақытша тоқтатуға келісті


ТЕҺРАН: Кеше Иранның ресми ИРНА агенттігі хабарлағандай, Ауғанстан үкіметінің сұрауы бойынша ресми Теһран заңсыз келген ауған босқындарын елден шығаруды уақытша тоқтатты. Кабулдағы Иран елшілігіне сілтеме ИРНА агенттігінің хабарлауынша, бұл шара ауған жағының сұрауы бойынша “гуманитарлық себептермен” тоқтатылып отыр. Босқындардың істері бойынша БҰҰ-ының Жоғарғы Комиссары мәлімдегендей, өткен 2 аптаның ішінде 9 мыңдай ауған босқыны Ираннан заңсыз шығарылды.
XS
SM
MD
LG