Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте Бейжинде жүр


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте Бейжинде Техранның уран байытуды тоқтатудан бас тартып отырғанына қатысты Иранға БҰҰ-ның үшінші жолғы санкциясына Қытайдың қолдауын алуға тырысуда. Дәл осы тұста, Иранның ядролық мәмілегері Саид Жалили де келіссөздер өткізу үшін Қытайда жүр. Қытай мен Ресей Иранға қатаң санкция енгізуге қарсы болып келді. Бүгін Қытай сыртқы істер министрі Цзян Юй Бейжин халықаралық қауымдастықтың дипломатиялық әрекеттерін күшейткенін қалайды дей келе, Техранды икемділік танытуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG