Accessibility links

Иран президенті өз еліне соққы беруге Израиль бара қоймайды деп сенеді


ТЕҺРАН: “Израиль Иранға қарсы шабуыл жасауға бара қоймайды, өйткені ондай шабуылға Иранның тойтарыс беруі Израильді қатты өкіндіреді”. Иран президенті М.Ахмадинеджад осылай деп мәлімдеді. Сонымен бірге Иран президенті Израильдің баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізгені туралы хабарға да сыр білдірді. Әскерилердің мәліметі бойынша, зымыран “оқтұмсықтың айрықша түрін” алып ұша алатын көрінеді. Соңғы жылдары Израиль Иран мен көрші араб елдерінен төнген зымырандық соққы беру қатеріне қарсы тұру проблемасына ерекше көңіл бөліп келеді. Бір мәліметке сәйкес, Израильдің ядролық қаруы бар және алысқа соққы беретін зымырандарды жасаумен шұғылданады.
XS
SM
MD
LG