Accessibility links

АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс одақтастарын сынаған райынан қайтты


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс НАТО-дағы одақтастарының Ауғанстандағы іс-қимылына Вашингтон онша риза емес деген хабарды теріске шығарады. Пентагонда өткізген брифингте Р.Гейтс Ауғанстанда тәліптерге қарсы шайқасқан НАТО күштерін “ерлігі мен қажырлығы” үшін мақтады. Ол атап көрсеткендей, “Ұлыбритания, Канада, Нидерланды, Аустралия, Дания және т.б. елдердің әскерлерінен құралған күш өзіне жүктелген міндетіне жауапкерлікпен қарап, Ауғанстанда айтарлықтай және қуатты рөл атқарады”. Күнделікті шығатын “Los Angeles Times” газеті Р.Гейтстің «НАТО күштері мен кеңесшілерінің бүлікшілерді жаттықтыруға қатысы бар» деген хабарға күмән келтірген сұхбатын жариялады.
XS
SM
MD
LG