Accessibility links

Израиль Газа секторының шекарасын уақытша жауып тастады


Палестина жауынгерлері зымыран атуларын тоқтатпай қойған соң Израиль Газа секторының шекарасында барлық тексеру бекеттерін уақытша жауып тастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі Газа секторына гуманитарлық көмек тауарларын кіргізу мүмкін болмай тұр дейді. Бүгін тәңертен Израиль әскері Газада кемінде бір палестиндік жауынгерді өлтірді, кемінде екеуін жаралады. Израиль әскері, сол сияқты, Батыс жағалауда тінту жүргізіп, Палестина жауынгерлерінің басшысын өлтірді.
XS
SM
MD
LG