Accessibility links

Болгария мен Ресей ірі газ құбыр жолы туралы келісім жасады


Болгария мен Ресей үлкен газ құбырының құрылысы туралы келісімге қол қойды. Ол құбыр Еуропалық энергия базарында Ресейдің ықпалын арттырады делініп отыр. Бұл келісімге Ресей президенті Владимир Путиннің Болгарияға екі күндік сапарының екінші күнінде қол қойылды. Қара теңіз табанымен Ресейден Болгарияға, одан оңтүстік Еуропаға өтетін газ құбыры жобасына 10 млрд доллар ұсынылған. Бұл жоба АҚШ пен Еуропа Одағының табиғи газды Каспий теңізі аймағынан Ресейді айналып жеткіземіз деген жоспарына қайшы келіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG