Accessibility links

Тәжікстанда “Сантуга - 1” гидроэлектр стансасы ашылды


Орта Азиядағы қыстың қатты қақап тұрған кезінде бүгін Тәжікстан Ресейдің салған жаңа электр стансасының тұсаукесерін өткізді. Тәжікстан президенті Имомали Рахмон “Сантуга – 1” гидроэлектр стансасының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде, қосымша электр қуатының мүмкіндігі елдің энергетикалық дағдарыстан шығуына көмектеседі деген. Бірақ, сарапшылар күнделікті сағатына 2,4 млн киловатт қана болатын энергия көзінің өндірісі үлкен қажеттілікті жаба алмайды деп отыр. Мәселен, ел астанасы Душанбе күнде сағатына 10 млн киловатт тұтынады екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG