Accessibility links

Саша Барон Коэн тағы бір соттан құтылып кетті


Қазақ журналисі Борат Сағдиевтің бейнесін сомдаған британиялық актер Саша Барон Коэннің үстінен Америка Құрама Штаттарында берілген талап-арыз қаралмай қалды. Әдеп-ғұрып мұғалімі Кэти Мартин актерді және "Борат" киносын Алабама штатында көрсеткен компанияларды сотқа берген. Кэти Мартин Қазақстаннан келді деген журналиске әдет-ғұрып сабағын бергенімді мазақ екенін білмедім, киноға шығамын деп ойламадым, ешкім рұқсат алмаған дейді. Дегенмен Кэти Мартин Борат Сағдиевтің бейнесі сомдалып жатқанда кез-келген заң дауы тек ғана Нью-Йорк соттарында қаралады деген келісімге қол қойған екен. Сондықтан Алабама штатының Жоғары соты істі төменгі сотқа қайтарды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG