Accessibility links

Сербияда кім президент болып сайланса да, Еуроодақ онымен жақындасуды көздейді


БРЮССЕЛЬ: Сербиядағы президент сайлауының 1-інші турында ұлтшыл үміткер Томислав Николичтің басым дауыс алуына қарамастан, Еуропа Одағы Белградпен арадағы қарым-қатынасын нығайтқысы келетінін растады. Еуроодақ басшылығының мүшесі Х.Солана Белград пен Брюссельдің жақындасуын жеделдететін мүмкіндіктің барлығын мәлімдеді. Сербияда 3-інші ақпанда өтетін президент сайлауының 2-нші турында қазіргі “батысшыл” президент Б.Тадич пен Т.Николич дауысқа түседі. 1-інші турда Б.Тадич Т.Николичтен 4 пайыз кем дауыс жинады.
XS
SM
MD
LG