Accessibility links

Ирақта Хаджаж ауылында жанкештілік шабуыл жасалды


Ирақ солтүстігінде орналасқан Хаджаж ауылында жерлеу рәсімі өтіп жатқанда жанкештілік бомба шабуылы жасалды, мұның салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты, кемінде 10 адам жарақат алды. Тикрит қаласының маңында орналасқан бұл ауылда сүнниттер тұрады. Жауапкершілікті ешкім өзіне алған жоқ. Мәліметтерге қарағанда, шабуылды "Әл Қаиданың" тобы жасаған сияқты. "Әл Қаида" тобы сүнниттердің басшыларын қорқытып, АҚШ өкілдерімен жұмыс істеулеріне бөгет жасап келеді.
XS
SM
MD
LG