Accessibility links

Халықаралық Ақша қорының бастығы дағдарыс келе жатыр деп ескертеді


Халықаралық Ақша қорының бастығы Доминик Страусс-Кен экономикалық ахуал әлем бойынша қиын деп сипаттады. Америка Құрама Штаттарында экономика өсуі бәсеңдеді, бұдан әлемнің барлық елдері зардап шегіп отыр, экономикалары дамып жатқан елдерге де әсері тиюі мүмкін, дейді Халықаралық Ақша қорының бастығы Доминик Страусс-Кен. Бұл сипаттама Еуропа биржаларында кеше үлкен дағдарыс орын алғаннан кейін жасалды. Еуропа биржаларында 2001 жылдың 11 қыркүйегінен бері болмаған дағдарыс орын алды. Биржа құлдырауы Азия елдерінде болды алдымен. Америка Құрама Штаттарының биржалары мереке күндеріне жабылып тұр әзірше.
XS
SM
MD
LG