Accessibility links

Лакшми Миталлдың әулеті биыл 935 миллион доллар табады


Қазақстанда жұмыс істейтін "Арселлор Миталл" компаниясының иесі миллиардер Лакшми Миталлдың әулеті биыл акцияларының пайдасы ретінде кемінде 935 миллион доллар табады. Мұны "Арселлор Миталл" компаниясының өзі кеше жариялады. "Форбс" журналы Лакшми Миталл әлем бойынша бесінші бай адам деп атаған, Лакшми Миталлдың жеке байлығы 32 миллиард долларды құрайды. Лакшми Миталл Үндістанда туған, қазір Британияда тұрады, оның үйі – Лондон қаласындағы ең қымбат үй. Лакшми Миталлдың "Миталл стил" компаниясы Люксембургте орналасқан "Арселлор" компаниясын былтыр сатып алып, болат өндіру саласында әлімдегі ең үлкен компанияға айналды.
XS
SM
MD
LG