Accessibility links

Бүгін Берлинде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Иранға қарсы санкцияларды талқылайды


Қауіпсіздік кеңесі елдерінің сыртқы істер министрлері және Германия Берлиндегі басқосуда Иранға қарсы қатайтылған үшінші кезектегі санкциялар салу мүмкіндігін қарастырады. АҚШ, Франция, Британия мен Германия уран байытуды тоқтатудан бас тартқаны үшін Иранға салынатын санкциялар күшейтілсін деп талап етуде. Бірақ бұндай талапқа Ресей мен Қытай күмәнмен қарайды. Германия сыртқы істер министрі Франк Уалтер Штейнмайер бүгінгі кездесудің қорытындысы ядролық мәселесі бойынша Иранға қатысты алаңдаушылықтың жалғасып отырғанын көрсетеді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG