Accessibility links

Әлемнің жетекші елдері Иран уран байытуын тоқтатпаған соң үшінші рет шара қолдануға келісті


Берлин қаласында кеше өткен мәслихаттың нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі қаулысының жобасы мақұлданды. Бұл туралы Германия сыртқы істер министрі Франк-Валтер Штайнмайер жариялады. Мәселені Қауіпсіздік Кеңесіне қатысатын бес тұрақты мүшенің өкілдері талқылады. Қаулы жобасын Қауіпсіздік Кеңесіне Германия, Франция және Британия ұсынады деп келісілді. Иранға мұның алдында екі рет санциялар жарияланған, Иран басшыларының сапарларына шектеу қойылған, Иран үкіметі мен азаматтарының кейбір есеп-шоттары жабылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG