Accessibility links

Румынияда бірнеше саясаткердің үстінен қылмыс тергеуі басталды


Коррупция айыбы бір министрге, бұрынғы бас министрге және бұрынғы алты министрге тағылып отыр. Румыния президенті Траян Баческу әділет министрлігі олардың ісін баяу жүргізіп жатыр деп сынаған. Әділет министрі Теодор Мелесчану кеше бұйрық шығарып, тергеу бастауды ұйғарды. Румыния үкіметі ақпан айында Еуропа Одағына есеп беріп, жоғары деңгейдегі коррупциямен қалай күресіп жатқанын баяндауға тиіс.
XS
SM
MD
LG