Accessibility links

Қазақстанда түсірілген "Моңғол" кинофильмі "Оскар" жүлдесіне ұсынылды


"Франс пресс" агенттігі Калифорния штатынан хабарлап отырғандай, режиссер Сергей Бодров түсірген "Моңғол" киносы Шыңғыс ханның жас кезеңін суреттейді. Үздік шетел киносы саласы бойынша ұсынылған "Моңғол" киносы Польшада түсірілген "Катынь", Ресейде түсірілген "12" және Израиль мен Австрияда түсірілген тағы екі кинофильммен бәсекелес. Қазақстанда түсірілген кино "Оскар" мәртебелі сыйлығына осымен екінші рет ғана ұсынылып отыр. Былтыр "Оскар" жүлдесіне "Көшпенділер" киносы ұсынылған болатын.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG