Accessibility links

Хосни Мүбарак Газа секторының тұрғындары шекарадан өте берсін деп бұйырды


Мысыр президенті Хосни Мүбарак Газа секторының тұрғындары шекарадан өтіп, азық-түлік ала берсін, қару-жарақтары болмаса әскер бөгет жасамасын деп бұйырды. Палестина жауынгерлері Газа секторы мен Мысыр арасындағы дуалды жарған соң, ондаған мың адам Мысырға сауда жасауға бет алды. Хосни Мүбарак өткен аптада Израиль блокада қойып тастағандықтан Газа тұрғындары аштан өліп жатыр деп сипаттады. Израиль сыртқы істер министрлігінің өкілі Ари Мекель Мысыр үкіметі шекара тәртібін бұзбау керек деп сипаттайды. Израиль үкіметі аласапыран жағдайда Газа секторына Мысырдан жаугерлер өтіп кетуі мүмкін, қару-жарақ әкелінуі мүмкін деп алаңдайды.
XS
SM
MD
LG