Accessibility links

Владимир Путин ертең Сербия басшыларымен кездеспек


Ресей президенті Владимир Путин ертең Кремльде Сербия президенті Борис Тадич пен бас министрі Воислав Коштуницамен кездеспек. Ресей президентінің әкімшілігі екі ел арасында энергетика саласында әріптестікке қол жеткізілмек деп жариялады. Мәселен, Сербия мұнай компаниясы Ресейдің "Газпром" компаниясына сатылды. Ресей мен Сербия басшылары Мәскеуде кездесіп жатқан тұста Косово провинциясының мәселесі алға шығып отыр. Косово провинциясының басшылығы Сербия үкіметінің қарсылығына қарамастан таяу апталарда тәуелсіздік жарияламақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG