Accessibility links

"Қазақмыс" компаниясының кеңшілері ереуілге шығатындарын ескертті


Қарағанды облысы "Абай" көмір шахтасында 30 адамның өмірін қиған апаттан соң төтенше жағдайлар министрлігінің екі жоғары қызметкері орнынан алынды кеше. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Қайырбек Құйқабаев жұмыстан босатылды. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік бақылау комитетінің бастығы Нұрахмет Бижанов қызметінен өз еркімен кетті. Қаңтар айында "Арселор Миталл Теміртау" компаниясының шахтасында 30 адам қаза тапты, 21 адамның мәйіттері табылған жоқ. Бұл апаттан соң басқа шахталарда еңбек қауіпсіздігінің мәселесінен толқу шығып жатыр. Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" компаниясының кеңшілері ереуілге шығатындарын мәлімдеді, кәсіподақ белсенділері қудалауға тап болып жатыр.
XS
SM
MD
LG