Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда өлім жазасына кесілген журналистің ісін қайта қарауға шақырды


23-жасар журналист Сайыд Первез Қамбақш ислам дініне тіл тигізді деп осы аптада өлім жазасына кесілді. Ұйымның Ауғанстандағы өкілі Боу Эспленд соттың әділ өткені күмәнді, сот жабық жағдайда өтті, журналистің құқығы қорғалмаған дейді. Сайыд Первез Қамбақш Мұхамед Пайғамбар әйелдер құқықтарын ескермеген деген мақаланы университетте бірге оқыған оқушылардың арасында таратқан. Баспасөз бостандығын қорғайтын ұйымдар да Сайыд Первез Қамбақшқа араша түсті.
XS
SM
MD
LG