Accessibility links

Италия бас министрі Романо Проди қызметінен кету өтінішін тапсырды


Бұған себеп – парламенттің жоғары палатасы сенатта кеше оған сенімсіздік танытылды. Бас министрді парламенттің төменгі палатасы қолдаса да, жоғары палатасы қолдамады, сондықтан ол биліктен кетуін ұйғарды. Романо Проди жаңа үкімет тағайындалғанша қызметін атқара беруі мүмкін. Италия президенті Джорджио Наполитано мерзімінен бұрын парламент сайлауын белгілеуі мүмкін, не болмаса жаңа үкіметті жасақтау керек деп ұйғаруы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG