Accessibility links

Пан Ки Мун Қазақстанда су тапшылығы ұлғайып жатыр деп алаңдаушылық танытты


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ки Мун Қазақстанда су жетіспей жатыр, мұның салдарынан кедейшілік ұлғайып жатыр деп мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы бұл сөзін Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік Экономикалық форумда кеше айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы бұл мәселеде Қазақстанмен бір қатарға африкалық елдерді және басқа да елдерді қойды. Атап айтқанда, су тапшылығынан кедейшілік Қазақстанда, Сомалиде, Чадта, Нигерияда, Шри Ланкада, Гаити және Колумбияда ұлғайып жатыр делінді. Су тазалығы бұзыла берсе, су ысырапқа салына берсе, әділ бөлінбесе мәселенің одан сайын қиындайтыны ескертілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG