Accessibility links

Бүгін Бейрутта үлкен жарылыс болып, 10 адам қаза тапты


Бүгін Ливан астанасы Бейруттың христиандар ауданында қуатты жарылыс болды. Ливан теледидары жарылыстан 10 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады. Хабарларға қарағанда, қаза болғандардың ішінде қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазымды қызметкері бар. Бәлкім жарылыс сол адамды нысанаға алған болуы мүмкін делініп отыр. Ливандағы саяси дағдарыс жалғасқан сайын соңғы кезде саясаткерлерге қарсы осындай қастандық шабуылдар жасалып келеді.
XS
SM
MD
LG