Accessibility links

Ресей полициясы халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық топ басшысы Семион Могилевичті ұстады


Ресей полициясы бірнеше елдің іздеуіндегі халықаралық қылмыстық топ жетекшісін қамауға алды. Ресей Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдегендей, тегі украиндық Ресей азаматы Семион Могилевич Мәскеуде бейсенбі күні ұсталған. Ол Сергей Шнайдер деген жалған есімді алып жүрген. Могилевичті Ресей, Украина, Израйл және Құрама Штаттар рэкетирлік іс-әрекеттерге, ауыр қылмыстарға, ақша ұрлау мен қару-жарақ сатуға қатысы бар деген күдікпен іздеп жүрген.
XS
SM
MD
LG