Accessibility links

Қырғыз премьер министрі Ресейде келіссөздер өткізуде


Қырғызстан премьер министрі Игорь Чудинов Ресейге жоғары ресмилермен келіссөз өткізуге барды. Кеше оппозиция жетекшісі Әзімбек Бекназаров өзінің президент Құрманбек Бакиевті биліктен кетіруге тырысатын шерулер ұйымдастырып жатқанын айтқан. Өткен айда Бакиевтің “Ақ жол” саяси партиясы парламенттегі басым орынды иеленгенін оппозиция мен батыстық бақылаушылар сынға алған. Орта Азиядағы бұл елде 2005 жылы президент Асқар Ақаев биліктен құлатылып, Бакиев президенттікке келгеннен бері жаппай шерулер жиі өтіп келеді.
XS
SM
MD
LG