Accessibility links

Ингушетиядағы шерушілер қамауға алынды


Бүгін Ресейдің мұсылмандар аймағы Ингушетияда рұхсат етілмеген үкіметке қарсы шеруге қатысқандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газды қолдануынан бір адам жараланды. Елдегі коррупциямен адам құқықтарының бұзылуына наразалық танытып көшеге шыққан бір мыңнан шерушіні тарату үшін жүздеген полиция мен әскери күштер қолшоқпарлар пайдаланған. Көтерілісшілердің көбі жастар полицияға тас және жарылғыш заттар лақтырған. Ондаған адам қамауға алынды. Олардың ішінде тәуелсіз журналистер мен құқық қорғаушы топ белсенділері болған. Ұсталғандардың ішінде болған Азаттық радиосының тілшісі сосын босатылды.
XS
SM
MD
LG