Accessibility links

Грузия президенті Ресеймен байланысын жақсартуға мүдделі


Грузия президенті Михайл Саакашвили тағы өзінің Ресеймен байланыстарды жақсартқысы келетінін айтты. “Эхо Москвы” радиосына берген сұхбатында, Саакашвили Ресей мен Грузия арасындағы көп проблема тез шешіле алады деп ойлайтынын жеткізген. Ол елдің сыртқы істер министрі Мәскеуге барып, Ресейдің экономикалық санкцияларын алу туралы сөйлеседі деген. Ресей Грузияның НАТО-ға қосылу жоспарын қаламайды. Тбилиси болса, Мәскеу Грузиядағы жікшілдерге көмектеседі деген, кейін екі жақты қарым-қатынас 2006 жылы Грузияның ресейліктер тыңшылық жасады деген жанжалынан кейін ушығып кеткен.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG