Accessibility links

Индонезияның бұрынғы президенті Сухарто 86 жасында қайтыс болды


Бүгін Жакарта ауруханасында Индонезияның бұрынғы президенті Сухарто қайтыс болды. 86 жасар Сухартоның қаңтардың 4-нен бері жүрек, өкпе, бүйрек ауруларынан денсаулығы нашарлап жатқан. Билікте 32 жылдай отырған Сухарто 1998 жылы демократиялық жаппай шерулерден кейін биліктен кеткен. Оның билігі кезінде Индонезияда адам құқықтары жаппай бұзылған, бірақ бүгінде ол туралы қоғамдық пікір екіге жарылып отыр. Және ол билікте тұрғанда елдің экономикалық өсімі мықты болған. Индонезияда 7 күн қаралы күн деп жарияланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG