Accessibility links

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы 4 кандидатты тіркеп, Касьяновтың өтінішін қабылдамады


Бүгін Ресейдің Орталық Сайлау Комиссиясы наурыз айында өтетін президенттік сайлауға төрт үміткерді тіркеп, оппозиция жетекшісі Михайл Касьяновтың кандидатурасын тіркеуден бас тартты. Орталық Сайлау Комиссиясының хабарлауынша, 2-ші наурызда өтетін сайлауға президенттіктен үміткер болып Кремльдің үміткері Дмитрий Медведьев, Коммунистер жетекшісі Геннадий Зюганов, Либерал Демократиялық партия жетекшісі Владимир Жириновский мен Демократиялық партия басшысы Андрей Богдановтар тіркелген. Ал, бұрынғы премьер министр, қазіргі билікті ашық сынап жүрген оппозиция жетекшісі Михайл Касьяновтың құжаттарында көптеген күдікті әрі заңсыз тұстар бар деп Орталық Сайлау Комиссиясы тіркемеді. Касьяновтың өкілі Елена Дикун:

«Біз өз тарапымыздан бәрі дұрыс болғанына толық сенімдіміз. Орталық сайлау комиссиясы 2 миллиондай азамат Касьяновты қолдап өз қолдарын қойғанын растап отыр. Және ол нағыз шын дауыстар. Барлық сындар жиналған қолдарды тіркеуге қатысты техникалық рәсімдеуге байланысты болды», - деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG