Accessibility links

М.Касьянов Ресейде болатын президенттік сайлауды "комедия" деп атады


Бұрынғы премьер-министр Орталық сайлау комиссиясы өзін президенттікке үміткер ретінде тіркемей қойған соң, алдағы сайлауға осындай баға берген. Кремльдің ашық сыншысы болып жүрген Касьянов 2 наурызда өтетін президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеле алмай қалуының артында президент В.Путин тұрғанына сенімдімін дейді. Касьянов сайлаушыларды президенттік сайлауға бойкот жасауға шақырды. Орталық сайлау комиссиясы Касьяновты қолдап берілген қолдың ондаған мыңы жалған деп мәлімдеген болатын. Кремль қолдайтын Медведевпен бірге барлығы президенттік сайлауға үміткер ретінде төрт адам тіркелді. Касьянов енді Ресей Жоғарғы сотына арызданбақшы.
XS
SM
MD
LG