Accessibility links

"Арселлор Миталл" компаниясы мен "Қорғау" кәсіподағы еңбекақыны көтеруге келісті


Қазақстан ақпарат агенттіктері хабарлағандай, британиялық миллиардер Лакшми Миталл басқаратын "Арселлор Миталл" компаниясы мен Қарағанды кеншілерінің "Қорғау" кәсіподағы еңбекақыны көтеруге келісті. "Қорғау" кәсіподағының төрағасы Марат Мырғаязов жалақы орта есеппен 50 пайызға өседі деді, бірақ нақты айтқан жоқ, әркімнің жалақысы әрқилы өседі деп қысқа қайырды. Осы қаңтар айында Қарағанды облысының "Абай" шахтасында апаттан 30 адам қаза тапты. Кеншілер жалақы көтерілсін, басқа да әлеуметтік құқықтар қамтылсын, еңбек қауіпсіздігі дұрысталсын деп талап қойған.
XS
SM
MD
LG