Accessibility links

АҚШ НАТО-ға мүше Европа елдерін Ауғанстандағы жасақтарын арттыруға шақырмақшы


Бұл жөнінде сейсенбі күні Пентагонның баспасөз-хатшысы Джефф Моррелл мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда АҚШ-тың өзі бұдан бұрын хабарланған 3200 жасақтан басқа қосымша күш жібермейді, барлығы Ауғанстанда Американың 30 мыңға жуық әскері бар. Дүйсенбі күні Канада егер Европа елдері Ауғанстанның оңтүстігіндегі операцияларға белсендірек қатыспаса, бұл аймақта тұрған жасақтарының мерзімін ұзартпаймыз деп айтқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG