Accessibility links

АҚШ өкілі Кениядағы қақтығыстарды “этникалық тазарту” деп сипаттады


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Джендайи Фрэйзер Кенияда өршіп бара жатқан тайпалық қақтығыстар “нағыз этникалық тазартуды” көрсетеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Фрэйзер Эфиопияда өтіп жатқан Африка Одағы саммитінде айтты. Өткен айдағы президент сайлауынан кейін Кенияда зорлық-зомбылық жалғасып келеді. БҰҰ-ның бұрынғы бас-хатшысы Кофи Аннан қантөгісті аяқтау мақсатында Кенияда келіссөздер өткізіп жатыр. Полицияның хабарлауынша, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні 22 адам құрбан болған. Жалпы қақтығыс басталғалы бері бұл елде шамамен мың адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG