Accessibility links

Р.Әлиевтің мәлімдеуінше, Н.Назарбаев билікті өзінің тікелей ұрпағына бермекші


ПРАГА: Генетикалық ұрпағы тұрғысынан келсек, шынында да Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың мұрагері пайда болды. Мемлекет басшысының бұрынғы үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев бүгін “Азаттық” Радиосына телефон арқылы сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалық кәсіпкер Джеймс Гиффеннің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Н.Назарбаев мұрагері өсіп жеткенше билік басында қалып, билік тетігін өз ұрпағына қолма-қол тапсыруды көздесе керек. Қазақстанның Аустриядағы елшісі әрі бірқатар халықаралық ұйымдағы өкілетті өкілі болған, бұрынғы генерал әрі кәсіпкер, қазір Венада бас сауғалап жүрген Р.Әлиев – таяуда ғана Қазақстанда бірнеше ауыр айып бойынша 20 жылға сырттай сотталды. Оған қоса Астанадағы әскери сотта Рахат пен оның бірнеше сыбайласының үстінен жабық сот ісі өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG