Accessibility links

Кениядағы ұлтаралық жанжалдан қырылған халықтың саны 1 мыңға тақады


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Кения үкіметін жуырдағы президент сайлауының ізінше басталған ұлтаралық жанжалды тоқтатуға шақырды. Қабылданған мәлімдемеде, сонымен қатар, бұрынғы Бас хатшы К.Аннанның дәнекерлік миссиясына қолдау білдіріледі. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің Африкадағы арнайы миссиясын басқаратын мемлекеттік хатшының орынбасары Джендаи Фрэйзердің сөзіне қарағанда, Кениядағы жанжалдың барысында “этникалық тазалаудың” нышаны пайда болды. Өткен желтоқсанның соңынан бері Кениядағы ұлтаралық жанжалдың салдарынан 1 мыңға жуық адам көз жұмды. Оппозиция қайта сайланған президент Мваи Кибакиді сайлаудың нәтижесін бұрмалады деп айыптайды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG