Accessibility links

Қытайдың ауыл-шаруашылығына 50 жылдай жауып көрмеген қар зор зиян тигізді


БЕЖИН: Қытайдың орталық өлкелерінде үзілмей жауған қар ауыл-шаруашылығына орасан зор нұқсан келтірді. Бұл өлкелерде жеміс-жидек пен көкөністің басым бөлігі өндіріледі. Олардың қысқы өнімі түгелдей жойылды. Ауыл-шаруашылығы саласының жоғары лауазымды өкілі мәлімдегендей, Қытайдың орталығында осыншама қар мен бораған жел соңғы 50 жылда болып көрмеген және одан келген шығынның мөлшері әлі есептелген жоқ.
XS
SM
MD
LG