Accessibility links

Ирақ халқының 5 пайызын құрайтын түркімендер құрып кетудің алдында тұр


БАҒДАД: Ирақтағы түркімендердің қауымдастығы бүгін солтүстіктегі Киркук қаласында үкіметтен өздерін қорғайтын тиянақты шара қабылдауды талап еткен және басқаша жағдайда өздерінің қарулы құрамаларын жасақтауға мәжбүр болатынын ескерткен үндеу қабылдады. Ирақтағы түркі тілдес халықтардың негізгі саяси партиясы болып табылатын “Ирақтағы түркімен майданы” қауымдастығы елдегі барлық түркіменге геноцид қатерінің төнгенін ескертіп, осындай ахуалды ескермейді деп ресми билікті айыптады. Түркімендер – Ирақ халқының 5 пайызға жуығын құрайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG