Accessibility links

Келесі аптада президент Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауымен сөз сөйлейді


АСТАНА: 6-ншы ақпан күні Астанада Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен мәжілісі өтеді. Ол туралы парламенттің төменгі палатасы – Мәжілістің баспасөз-қызметі хабарлады. “Қазақстан бүгін” ақпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда, бірлескен мәжілісте президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауымен сөз сөйлейді. Агенттіктің парламенттегі ақпарат көзі: “аз дегенде бірлескен мәжіліс президенттің қатысуымен өтуге тиіс” деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG