Accessibility links

Румыния президенті өз одақтастарын Косово тәуелсіздігін мойындамауға шақырды


Трайан Базеску НАТО-дағы одақтастарын Косовоның Сербиядан тәулесіздік алу туралы жоспарынан қалыс қалуға шақырып, келісімге келу үшін әлі де уақыт берілуі керек деген. Румыния президенті Сербияның келісімінсіз немесе БҰҰ-ның толық қолдауынсыз Косовоның тәуелсіздік жариялауы халықаралық заңдарға қайшы келеді және басқа аймақтардағы сепаратистік топтар үшін қауіпті прецедент деп ескерткен. АҚШ пен Евродақтың басты елдері Косово провинциясының тәуелсіздігін мойындамақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG