Accessibility links

Ресей заң орындары Василий Алексанянды ауруханаға апарудан бас тартты


Ресей заң орындары бұрынғы мұнай алпауыты Михаил Ходорковскийдің үзеңгілесі, түрмеде жатқан Василий Алексанянды ауруханаға апарудан бас тартты. Василий Алексанян СПИД және рак ауруларымен науқас, ол "ЮКОС" мұнай компаниясында вице-президент болып жұмыс істеген, Михаил Ходорковскийдің орынбасары болған. Михаил Ходорковскидің өзі қылмыстық айыптар бойынша сотталып, қазір түрме жазасын өтеп жатыр. Ол Василий Алексанянның өміріне қауіп төнді, ол түрмеден шығарылсын, ауруханаға жатқызылсын деп талап қылып, аштық ереуілін бастаған. Алайда үкімет орындары Василий Алексанянды ауруханаға жатқызбайтын болды.
XS
SM
MD
LG