Accessibility links

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары әскери әріптестіктерін ұлғайтуға келісті


Алматыда сапарда болған АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Митчелл Шайверс АҚШ пен Қазақстанның әскери әріптестігі өсе түседі деп мәлімдеді. Екі ел арасында 2003-2008 жылдарға арналған әскери және техникалық әріптестік жоспары қарастырылған. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі осы бесжылдық жоспар сәтімен орындалды деп сипаттайды. Рейтерс агенттігі Алматыдан бүгін жолдаған хабарында Қазақстан мен АҚШ-тың әскери салада жақындаса түсуі Ресейдің мазасын алады, себебі Ресей Орталық Азия аймағын өзіне еңшілес кеңістік деп қарастырады дейді.
XS
SM
MD
LG