Accessibility links

Баспасөзге шолу. 02.02.2008 жыл

  • Данабек ЖАЛМЫРЗА

Сенбі күнгі басылымдарда Сталинград шайқасының 65 жылдығына арналған, Қазақстандағы жемқорлық тақырыбына, Ұлттық ғарыш агенттігінің кеше Астанада өткен алғашқы алқа мәжілісіндегі талқыланған мәселелер, сонымен қатар «Рахатгейт» ісіне қатысты мақалалар жарық көрді.

«Zonakz» интернет сайты Жезқазған аумағындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік», «Степной» кен орнының 400-дей кешілері жер астынан шықпай ереуілге шыққанын хабарлайды. Бұдан біраз бұрын ереуілдеген кеншілер президент Назарбаевтың осы өңірге жасаған сапарының қарсаңында шахта басшыларымен ымыраға келіп, ереуілді тоқтатқан еді. «Бірақ сол кездегі талаптарымыз орындалмады деген шахтерлер қайтадан ереуілдеп, енді жер астына не «Қазақмыстың» басқарма бастығы Владимир Ким, не «Нұр Отан» партиясы бастығының орынбасарларының бірі түсіп, кеншілерге уәде бермейінше жер астынан шықпаймыз деп отыр» деп жазады «Zonakz» сайты.

«Куб» сайты оппозицияның шетелдік бюро жетекшісі Серік Медетбековтің Алматыда Рахат Әлиевтың сыртынан аяқталған сот жайында сұқбатын жариялапты. Онда Медетбеков: «Алматыда аяқталған Рахаттың сот ісі пайдалы болды. Ол басшылықтағы отбасы айналасындағы ұсқынсыз пиғылдың бетпердесін ашып берді. Ол сот ісі «басқарылатын демократияның» салдары боп келетін «басқарылатын сот» дегенді көпшілікке көрсетті» деген баға беріпті. «Өкіл қайын ата» деп аталатын Рахат Әлиевтың батыста шықпақшы кітабы мұнда үлкен әсер тудырады деп күтілуде. Астанада жабық жағдайда өтіп жатқан сотта Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевқа тағылып отырған «мемлекетті басып алып төңкеріс жасамақ болған» деген айыптан қорғайтын және Рахатты Қазақстанға қайтарып бермес үшін, оған қалқан болатын осы кітап болмақ. Бірақ ол соттың үкімінің Еуропалық сот үшін ешқандай маңызы бомайды» дейді, «Куб» сайтына берген сұхбатында оппозицияның шетелдегі бюро жетекшісі Серік Медетбеков.

Осы тақырыты екшелеген «Эксперсс К» газеті сот үкіміне сәйкес сотталғандардың мүліктерінің тәркіленіп жатқаны туралы айта келіп, «Республиканың құқық органдары Рахат Әлиев пен оның серіктерінің шетелде де тәркіленуі тиіс меншіктері бар болуы мүмкін деген болжамдары бар» деп жазыпты.

Ал «Айқын» газеті осы тақырыптағы сұхбатын Бас прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы бастығының орынбасары, Рахаттың сот процесіне мемлекеттік айыптаушы болып қатысқан Алмаз Құдайбергеновпен жасапты. Онда прокурор «Банктың жоғалған топ-менеджерлері тек өлтірілген болуы мүмкін деп қана емес, олар тірі де болуы мүмкін деп, соған сәйкес іздестірулер жалғасып жатқанын айтыпты.

«Время» газеті «Нұрбанк» төңірегіндегі дауға байланысты сотталған Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Самалихов пен командир Болат Қадырқожаевтың жақтаушылары сот үкімімен келіспей, қадағалау шағым арыздарын бергендігі туралы жазады. Сондай-ақ осы газет «Нұрбанк» дауына байланысты Алматының Медеу аудандық сотында сот ісі қаралып жатқан Қаржы полициясының Алматы департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Әубәкіровтың «Мен өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеймін» деген ашық хатын жариялапты. Ол хатта Әубәкіров өзіне тағылып отырған айыптар «ойдан шығарылған, негізсіз және заңсыз» дей келіп, өзінің түрмедегі жағдайына шағымданып, басқа түрмеге ауыстыруын өтінеді де, «егер сот әділ де ашық, жариялы түрде өтетін болса мен өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдей аламын. Әрине ол оңай емес, себебі қоғамдық пікір Ғилымовтың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратқан ақпарат тұтқыны боп отыр. Егер өтінішім қабылданбаса, менің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура тарапынан жасалып отырған қысымға қарсы аштық жариялаудан басқа амалым жоқ» деп аяқтапты.

Ұлттық ғарыш агенттігінің проблемаларына арналған топтамада «Время» газеті «Қазақстан-Ресей бірлескен «Бәйтерек» зымыран кешенінің іске қосылу мерзімі тағы да кейінге, 2013 жылға шегерілді. Осы және басқа да бірлескен жобалар ресейліктердің кінәсінен созылып отыр» деп жазса, «Казахстанская правда» газеті «2005-2007 жылдарға есептелген мемлекеттік ғарышты игеру бағдарламасының тиімсіз іске асырылуына кінәлілер жауапқа тартылады» деп жазыпты.

Ал «Егемен Қазақстан» болса ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың сөзіне сілтеме жасап: «Ресей үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағын 50 жылға жалға алудан бас тартыпты. Өйткені, Ресей 2016 жылға дейін Байқоңырдан біржолата кетіп, Амур облысында Восточный атты ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр. Сол себепті қазірден бастап елімізге Кеңес Одағынан мұра болып қалған Байқоңыр кешенін өз бетімізше дамытуды ойластыруымыз қажет» деп жазыпты.
XS
SM
MD
LG