Accessibility links

Украина ресейлік журналистке саяси баспана берді


Бүгін Украина ресмилері өздерінің Ресейде қауіп-қатерге тап болған журналистке саяси баспана бергенін айтты. Александр Косвинцев Сібірдің Кемерово аймағындағы оппозициялық “Россииский Репортер” газетінде бас редактор болып жұмыс істеген. Ол аймақтық биліктің қатысы бар коррупцияға журналистік зерттеу жүргізген. Және ол Анна Политковская қызмет еткен “Новая газета” басылымында да жұмыс істеген. Косвинцев Украинада саяси баспанаға өткен жылы өтініш берген.
XS
SM
MD
LG